Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Бабадан мирас болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық салт-дәстүріміз – халқымыздың баға жетпес асыл қазынасы. ![]()
Бүгін "Шежіре" әб ұйымдастыруымен Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында мектебімізде «Салт-дәстүр – асыл қазына» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Шара барысында оқушыларымыз қазақ халқының бай мұрасын дәріптеп, ұлттық құндылықтардың мән-маңызын кеңінен насихаттады.
Іс-шараның ерекше бөлігінің бірі – халқымыздың қасиетті дәстүрлерінің бірі «Бесікке салу» рәсімінің көрінісі болды. Бұл дәстүр арқылы жаңа туған сәбиді бесікке бөлеп, ақ жаулықты әжелеріміз ақ батасын беріп, сәбидің өмірі ұзақ, дені сау, болашағы жарқын болсын деген ізгі тілектер айтылды. Бесік – ұлт тәрбиесінің бастауы, ал бесік жыры – ананың мейірімі мен махаббатының көрінісі екені оқушыларға кеңінен түсіндірілді. ![]()
Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух, салт-дәстүрге деген құрмет пен патриоттық сезім қалыптастыру көзделеді.
Салт-дәстүр – ұлттың рухани байлығы, халықтың асыл қазынасы! ![]()





