Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Ұлттық диктант – 2025

Ұлттық диктант – 2025

Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде бүкіл ел көлемінде ұйымдастырылған «Ұлттық диктант» акциясы өтті.

Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру және әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін нығайту.

Мектеп-лицей ұстаздары,кіші қызметкерлер мен оқушылар бірдей атсалысып, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге үлес қосты. Диктант жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін сынап қана қоймай, ана тіліміздің байлығы мен көркемдігін тағы бір мәрте сезінді.

Биылғы диктанттың мәтіні ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Оқу жайы» мақаласынан алынды. Арнайы сілтеме арқылы тіркеліп,электронды түрде диктант жазған әрбір қатысушы "Алғыс хатпен" марапатталды.

Біз үшін Ұлттық диктант – тек жазу сауаттылығын тексеру емес, қазақ тілін ұлықтайтын, елдік пен бірлікті дәріптейтін мерейлі іс-шара!

#ҰлттықДиктант #МемлекеттікТіл #ТілБірлігі #ТүркістанОблысы #TilQadiry #ОтырарАуданы #ЖамбылАтындағыМектепЛицейі

https://www.facebook.com/share/p/1KEvPTccnw/