"Жамбыл атындағы мектеп-лицей" КММ кітапханасында 14 ақпан-Халықаралық кітап сыйлау күніне орай "Алтын ұяңа кітап сыйла " акциясы өткізілді.
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуды насихаттау,кітап алмасу мәдениетін дамыту,кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Акцияға мектеп-лицей басшысы Қадиша Әуесқызынан бастап, біршама ұстаздар, ата-аналар және мектеп оқушылар белсене ат салысты. "Алтын ұяңа кітап сыйла" акциясына өз үлесін қосқан,Отырар ауданының тумасы,әдебиет зерттеушісі,филология ғылымының докторы,профессор Ергөбек Құлбек Сәрсенұлы атамыз өзі келе алмаса да,өз сәлемдемесін видео арқылы жолдады.Тағы да акцияға өз үлесін қосып жатқан мектебіміздің түлегі медицина ғылымдарының докторы,профессор Биімбетов Бақытжан Рысқұлұлы ағамыз да кітаптарын сыйға тартып,видео сәлемдемесін көпшілікке жолдады. Сонымен қатар мектебіміздің барлық оқушылары мектеп кітапханасын түрлі әдеби кітаптармен толықтырып өз үлестерін қосты. Бұл акция он күн бойы, яғни ақпан айының 25 жұлдызына дейін жалғасатын болады.
Озық ойлы оқырмандарымыз көп болсын!
#Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы #Кітапханаға Кітап сыйла
#Шын жүректен Кітап сыйла