«Күзгі каникулда кітап оқимыз» айдары
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Күзгі каникулда кітап оқимыз» айдары ұйымдастырылды.
Айдар барысында оқушыларға демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі жанрдағы қызықты кітаптар топтамасы ұсынылды.
Мақсаты:
- оқушылардың бос уақытын мәнді өткізуге баулу;
- кітап оқу мәдениетін қалыптастыру;
- оқырмандық қызығушылықтарын арттыру.
Кітап оқу — қиялды дамытып, сөздік қорды байытады және бос уақытты тиімді өткізуге көмектеседі. Каникул кезінде сүйікті шығармаларды оқып, жаңа авторлармен танысуға және алған әсерлерімен достарымен бөлісуге болады.





