Выберите язык

Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Құрметті ата-аналар!Біздің балғын-бүлдіршін жас шәкірттеріміз! Қадірменді әріптестер!

Құрметті ата-аналар!Біздің балғын-бүлдіршін жас шәкірттеріміз!
Қадірменді әріптестер!
Бүгін 10 тамыз əлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханиятының темірқазығы – Абай Құнанбайұлының туған күні.
Халқымыз осы қуанышты күнді үлкен құрметпен қарсы алғалы тұр. Осылайша Хакім Абайға, ұлт мәдениетіне құрмет көрсетуді жалғастыра береміз!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты концептуалды мақаласында: «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады»,-деп дара перзенттің даналық орнын айқындап көрсеткен еді.
Расында ұлы ақын өз шығармаларында насихаттаған еңбексүйгіштік, білімге деген құштарлық, ізгілік пен парасатқа зейін қойып, тәрбие алу – бүгінгі ұрпақтарының алдында тұрған міндеттің бірі. Хакім Абай айтқан ізгі құндылықтар өміршеңдігін жоймақ емес.
Үкімет қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Бұл – үлкен қуаныш! Бәріңізді шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – сіз бен біздің ортақ жетістігіміз. Бұл күні еліміздің орталықтарында,білім беру ордалары мен əр аймағында бүгінгі күннің талабына сай, негізінен online,оффлайн форматта мәдени іс-шаралар өтеді.
Бұл күні өңірлерде той тойлайтын емес, ой толғайтын бірқатар мазмұнды іс-шара жоспарланған. Бұл ретте "Абай -дана,Абай-дара"атты көркемсөз оқу сайыстары, «Абай мұрасы» атты онлайн-музейлік дəріс, «Абай – халықтың даналығы» виртуалды көрмесі, «Абай əлемі» онлайн-концерті, ұлы ақын мерейтойына орай бейне-дəріс өтеді.Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде осыған дейін біршама іс-шара ұйымдастырылғандай алдағы уақытта да көптеген әдеби-мәдени іс-шаралар жалғасын таба береді.
«Адал азамат», «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ұстана отырып, біз кемел елдің болашағын қалыптастырамыз. Ұстаздарымыз бен шәкірттеріміз Абай армандаған «толық адам» сипатына сай болып, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосады деп сенемін.
Баршаңызға мықты денсаулық, шығармашылық табыс, оқу мен ғылым жолында жаңа биіктер тілеймін!
Абай күні құтты болсын!
Жамбыл атындағы мектеп-лицей директоры-
Қылышбаева Қадиша Әуесқызы