Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Құрметті ата-аналар!

 

Құрметті ата-аналар!

Қасиетті Ораза айының басталғанына санаулы күндер болды.

Бұл ай – мейірім мен сабырды, ізгілік пен жауапкершілікті арттыратын ерекше кезең.

✅Осыған байланысты төмендегі мәселеге назар аударуларыңызды сұраймыз.

📌Балаларымыздың амандығы мен қауіпсіздігі – біздің басты назарымызда. Әсіресе осы айда кешкі және түнгі уақытта олардың көшеде жүруі бізді алаңдатады.

✍️Соңғы күндері кейбір оқушылардың үй-үйді аралап, көлік қозғалысы көп көшелер мен жол қиылыстарында «жарапазан» айтып жүргені байқалуда.

⚠️ Бұл – балалар үшін қауіпті жағдай.

🇰🇿Қазіргі таңда Отырар ауданы білім бөлімі және құзырлы органдар және ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізуде.

📌Мектеп оқушыларына арнайы жиналыс жасалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, кешкі уақытта балалар ата- ананың бақылауында болады. Сол үшін, сіздерден өтінеріміз – балаларыңыздың кешкі және түнгі уақытта себепсіз көшеде жүрмеуін қадағалаңыздар.

🕘 Баланың қауіпсіздігі – ең алдымен ата-ананың жауапкершілігінде.Сондықтан балаңыздың өмір қауіпсіздігі үшін кешкі және түнгі уақытта себепсіз көшеде жүрмеуін, үйде болуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 449-бабы және 442-бабының 2-тармағына сәйкес, сабақтан тыс уақытта баланың жол және өмір қауіпсіздігіне жауапкершілік ата-ананың құзырында екенін ескертеміз.

Түсіністікпен қарағандарыңызға рақмет!

Жамбыл атындағы мектеп-лицей директоры-

Қылышбаева Қадиша Әуесқызы

https://www.facebook.com/share/p/17vndb9DTQ/