Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс
‼️ ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! ‼️

‼️ ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! ‼️

‼️ ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! ‼️

2024–2025 оқу жылының соңында өтетін “Соңғы қоңырау”, қорытынды аттестаттау және өзге де мектепішілік іс-шараларға байланысты төмендегі талаптарды назарларыңызға ұсынамыз:

🚫 ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

🔸 4 және 9-11 сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне орай ақша жинау;

🔸 Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыру;

🔸 Мұғалімдерге немесе мектеп әкімшілігіне сыйлық беру;

🔸 Мектеп ішіндегі жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинау;

🔸 Мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, саябақтар мен автокөлік шерулерін ұйымдастыру;

🔸 Сынып ішінде дастарқан жаю немесе ата-аналардан қосымша ақша талап ету.

✅ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:

✔️ “Соңғы қоңырау” шарасына тек оқушының бір заңды өкілі ғана қатыса алады;

✔️ Барлық оқушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады;

✔️ Педагогикалық әдепті сақтау, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын ұстану – ортақ міндетіміз;

✔️ Ашықтық, әділеттілік және бірлік – мектеп ұжымы мен ата-ана арасындағы негізгі құндылық.

📣 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!

Біздің басты мақсатымыз – оқушылар үшін қауіпсіз, тәрбиелік маңызы жоғары және есте қаларлық мектеп өмірін қамтамасыз ету.

📌 Осы талаптарды бірлесе орындау арқылы біз өзара сенім мен сыйластыққа негізделген орта қалыптастырамыз.

"Жамбыл атындағы мектеп-лицейі" КММ директоры

🖋 Қылышбаева Хадиша Әуесқызы

https://www.facebook.com/share/p/1AA5U4xWfr/