Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Қоғамдық мүлікті қорғау – әр азаматтың міндеті

🏛️✨ Қоғамдық мүлікті қорғау – әр азаматтың міндеті! ✨🏛️

Бүгін 01.12.2025 жылы Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің

4 «Б» сыныбында сынып жетекшісі Байсеитова Жалғас Бөрібайқызының ұйымдастыруымен «Қоғамдық мүлікті қорғау» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Сабақ барысында оқушылар қоғамдық орындардағы тәртіп, мектеп мүлкін ұқыпты пайдалану, ортақ дүниеге жауапкершілікпен қарау туралы мағыналы әңгіме жүргізді.

Балалар «Қоғамдық мүлік – ортақ байлық» екенін түсініп, оны қорғаудың әр адамның борышы екенін айтты.

📌 Оқушылар түрлі жағдаяттарды талдап, «Дұрыс – бұрыс» әрекеттерді ажыратып, өз ойларын ашық жеткізді.

📌 Мақсат – жас ұрпаққа үнемшілдік, ұқыптылық және жауапкершілік құндылықтарын дарыту.

🌟 Сабақ өте әсерлі өтті, оқушылар белсенділік танытты.

#Адал_азамат

https://www.facebook.com/share/p/17SNWLMT5F/