Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ – ӘЛІМЖЕТТІККЕ ЖОЛ ЖОҚ!

📢 ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ – ӘЛІМЖЕТТІККЕ ЖОЛ ЖОҚ!

2025 жылдың 10 қараша күні Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында «Құқықтық тәрбие – құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 8–11-сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесуге Отырар аудандық полиция бөлімінің мектеп инспекторы Ерденова Динара,Отырар АПБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Төлеген Нұржан Тәлімбетұлы қатысып, оқушылармен құқықтық мәдениет, жеке қауіпсіздік, сондай-ақ әлімжеттік пен буллингтің алдын алу тақырыптарында жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Медетбек Ілесбекұлы жиналысты ашып, оқушыларды құқық бұзушылықтан сақтануға, тәртіп пен өзара сыйластықты сақтауға шақырды.

Кездесу барысында инспектор мопед пен мотоцикл айдаудың қауіптілігі, түнгі уақытта жүру ережелері, құқық бұзушылықтың салдары, сондай-ақ әлімжеттікке жол бермеу және достық, сыйластық қарым-қатынас орнатудың маңызы туралы кеңінен айтты.

🔹 Оқушылар өз ойларын ортаға салып, өзекті сұрақтарына жауап алды.

🔹 Іс-шара жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

#ҚауіпсізБалалықШақ

#ҚұқықтықТәрбие

#ӘлімжеттіккеЖолЖоқ

#БуллингкеЖолЖоқ

#ЖамбылАтындағыМектепЛицейі

#ОтырарАПБ

#ТәрбиеЖұмысы

https://www.facebook.com/share/p/1LVRuFLiM5/