«ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ МІНДЕТ» атты мектеп оқушыларымен кездесу өтті.
Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 20 қаңтар 2026 ж Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге Отырар АПБ ЖПҚБ ОТЗЗҚКТ аға инспекторы
полиция капитаны 3. Надирова мен Отырар аудандық Отбасын қолдау орталығының психолог маманы М.Өсербай келіп,жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу, топтық төбелесті болдырмау, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлық, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Кездесу барысында тақырыптар кеңінен талқыланып, оқушылар зор ықыласпен тыңдап, барлық қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды.
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#Білім_және_Ғылым_министірлігі





