Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс
💫 Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады

💫 Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады

💫 Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады

🇰🇿 Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады.

✔️ Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.

✨ Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:

* «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» іс-шарасы;

* «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;

* «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.

🔎 Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.

📌 Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.

https://www.facebook.com/share/p/1BF6U5RQNr/