Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс
Қазақстан Республикасы Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасы Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті отандастар, әріптестер, ардақты ұстаздар қауымы!

Баршаңызды ұлт мерейін асқақтататын ұлық мереке – Қазақстан Республикасы Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – ата-бабамыздың асыл арманы орындалып, тәуелсіз ел болып, дербес мемлекет ретінде тарих сахнасына шыққан сәттің символы.

Егемен елдің ең басты күші – білімді де парасатты ұрпақ. Ал сол ұрпақты тәрбиелейтін сіздер – еліміздің болашағын қалыптастырып отырған қасиетті жандарсыздар.

Осы мәртебелі мереке күні баршаңызға мол қуат, мықты денсаулық, отбасыңызға шаттық пен бақ-береке тілеймін!

Еліміздің көк байрағы бейбіт аспанымызда мәңгі желбіреп,

Тәуелсіз Қазақстанымыздың даңқы жылдан жылға арта берсін!

Бірлігіміз бекем, рухымыз биік, болашағымыз жарқын болғай!

Ізгі тілекпен - «Жамбыл атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры-

Қылышбаева Қадиша Әуесқызы

https://www.facebook.com/share/p/1VgCMb8Gww/