Қазақстан мектептерінде екі пәннің атауы өзгерді
Оқу бағдарламалары жасанды интеллект бағытына жаңартылуда. Осыған байланысты 1–4-сыныптардағы «Цифрлық сауаттылық» пәні «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект», ал 5–11-сыныптардағы «Информатика» пәні «Информатика және жасанды интеллект» болып өзгертіледі.
Жаңартылған мазмұнға жасанды интеллект бойынша 43 оқу мақсаты енгізілді. Оқушылар енді цифрлық қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау, ЖИ құралдарын тиімді пайдалану, ақпаратты сыни бағалау және технологияны жауапты қолдану бағыттарын меңгереді.





