4«Ә» сыныбында ашық тәрбие сағаты өтті ![]()
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 10 желтоқсан күні 4 «Ә» сынып жетекшісі Раманқұлова Гүлжазира Адамқұлқызының ұйымдастыруымен «Қазақстан- еркін ел, мәңгілік ел!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларға тәуелсіздіктің тарихи маңызын түсіндіру, ата-бабамыздан жеткен аманаттың құндылығын сезіндіру, елін сүйетін, ұлттық рухы биік азамат тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар тәуелсіздікке қатысты өлеңдер оқып, көріністер көрсетіп, тарихи мәліметтермен бөлісті. Тәрбие сағаты- жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті дарытуға ықпал етті.
Тәуелсіздік — ұрпаққа берілер ең қастерлі аманатымыз!





