"ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ"
"Жамбыл атындағы мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 4 ақпан күні сағат 11:00-де Түркістан облысында «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының іске асырылуы аясында маңызды іс-шара өтті.
Аталған шара Түркістан облысы прокурорының орынбасары Д. Б. Тілемисовтың қатысуымен 9–11 сынып оқушыларымен Instagram әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфир форматында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Прокурор орынбасары оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы мағлұмат беріп, құқық бұзушылықтың салдары жөнінде нақты мысалдар келтірді.
Сонымен қатар оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, жасөспірімдерді заңға бағынуға, жауапкершілікке және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Мектеп әкімшілігі!





