Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

"ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ"

"Отырар ауданының білім бөлімі"мемлекеттік мекемесіне қарасты "Жамбыл атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Облыс прокуратурасымен «Қауіпсіз балалық шақ!» жобасы аясында 24.11 мен 03.12.2025ж аралығында кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің алдын алуы, зорлық – зомбылық іс - әрекетінің профилактикасы тақырыбында 27.11.2025 жылы күні Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ инспекторы Д.Ерденова мен ДТІЖО М.Ахметов,АӘД жетекшісі Ш.Төлімбетов, педагог-психолог Ұ.Мәуленқұлованың ұйымдастыруымен "Қауіпсіз балалық шақ" жобасы аясындағы 7-11 -сыныптарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық мәдениетті арттыру, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау, қоғамда бейбіт қарым-қатынас орнату және бір-біріне құрметпен қарау қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар мектеп инспекторы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың салдары туралы нақты мысалдар келтіріп, құқықтық жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығын атап өтті.

Жиналыс барысында зорлық-зомбылыққа, әлімжеттікке және буллингке жол бермеу, қауіпсіз қолайлы мектеп ортасын қалыптастыру жайында кеңінен сөз қозғалды Оқушылар пікірлерін ортаға салып, туындаған сұрақтарға жауап алды.

Іс-шараның мақсаты -оқушылардың бойында құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікті дамыту патриоттық рухты күшейту және қауіпсіз, мейірімді орта қалыптастыру.

#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие_бағдарламасы

#Қауіпсіз_балалық_шақ

#ЖамбылАтындағыМектепЛицейі

https://www.facebook.com/share/v/1A5wZADhx8/