Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

"Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 10 күн белсенді іс-әрекет" республикалық науқаны аясында іс-шара өтті!

📌 «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 10 күн белсенді іс-әрекет» республикалық науқаны аясында іс-шара өтті!

28 қараша – 10 желтоқсан аралығында Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде республикалық онкүндік өз деңгейінде жүргізіліп жатыр.

Соның ішінде «Бақытты отбасы балалар көзімен» тақырыбында педагог-психолог маманы Әбілдаева Балжан 7– сынып оқушылары арасында шығарма байқауын ұйымдастырды.

Байқау барысында оқушылар отбасы құндылықтары, ата-ана мейірімі, үйлесімді қарым-қатынас туралы өз ойларын шығармашылық түрде жеткізді.

Бұл жұмыс – оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға, отбасы тақырыбына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.

Науқан аясындағы барлық жоспарланған жұмыстар мектепте жүйелі түрде жалғасуда. 🤝💙

https://www.facebook.com/share/p/17ihSzusrt/