Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Есірткіге жол жоқ

Есірткіге жол жоқ: Мектепте маңызды деректі фильм көрсетілді

​2026 жылдың 3 ақпан күні Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 5-11 сынып оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу және жастарды жат әдеттерден сақтандыру мақсатында «Закладчики. Мать» деректі фильмі көрсетілді.

​Іс-шараның негізгі мақсаты:

​Жасөспірімдерге есірткі тасымалдаудың (закладчик) соңы ауыр қылмыстық жауапкершілікке соқтыратынын түсіндіру;

​Қате қадамның тек адам өміріне ғана емес, жақындары мен ата-анасына тигізер зардабын көрсету;

​Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

​Фильм көрсетілімінен кейін оқушылармен ашық пікірталас жүргізілді. Балалар туындыдан алған әсерлерімен бөлісіп, «оңай олжаның» артында өкінішке толы тағдырлар тұрғанын ұғынды.

https://www.facebook.com/share/p/1EWYSgjwJX/