Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Ерекше назардағы оқушыларды анықтау

23.04.2026 күні Жамбыл атындағы мектеп- лицейінде психологиялық қолдау орталығының кезекті отырысында психологиялық ерекше назарды қажет ететін оқушыларды анықтау және олармен түзету жұмыстарын жүргізу тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиында мектеп психологы Ұ. Мәуленқұлова ерекше назардағы оқушыларға толтырылатын бақылау парағын түсіндіріп, сынып жетекшілерге бірлескен жоспарлар құру, жоспармен жұмыс жүргізу процесін анықтап алуды ұсынды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Ахмет сынып жетекшілерге өз сыныптары бойынша диагностика нәтижесінде анықталған жасыл, сары, қызыл деңгейге бөлу критериларымен танысып, ары қарай жұмыс бағыттарын қарқынды жүргізу керектігін тапсырды.

Мектеп-лицей директоры Қ.Қылышбаева өз сөзінде мектептегі әрбір оқушы жеке тұлға, оны ары қарай қолдап, түзетіп отыру осы ұжымның ортақ міндеті екенін айтты, жиын барысында айтылған жоспарларды тиісті тұлғалардан жыл соңында сұралатынын ескертті. Мектепте өткізілетін әрбір іс шараға ата аналарды көптеп қатыстырып, оқушылардың отбасымен де қарым қатынасын дамытуға атсалысуға шақырды.

https://www.facebook.com/share/p/1BAcebWLn8/