ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА ӨТКЕН АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ!
2025 жылдың 29 желтоқсан күні Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 1-11 сынып оқушыларының ата - аналарына жиналыс өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Мектеп-лицей жетістіктері
2. ІІ тоқсандағы оқушылардың білім сапасы,қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі
3. Ата-аналардың пән мұғалімдерімен еркін форматта пікір алмасуы
Алғашқы сөз тізгінін алған мектеп-лицей директоры Қадиша Әуесқызы ата-аналарды,ұстаздарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап,ақжарма тілегін арнады.Ары қарай мектеп оқушыларының түрлі байқауларда-аудан,облыс,республика деңгейінде көрінген жетістіктерімен ЛЭД экранда таныстырылым жасады.Оқушы жетістігі арқылы ұстаздарының да мәртебесі көтерілетінін айта келе,жеңімпаз оқушылардың ата-аналарына алғыс білдірді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ДТІЖО Ахметов Медетбек Лесбекұлы баяндама жасады.Қысқы каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігін ата-аналарға ескерте отырып,көзден бір сәт таса етпеуді қадағалап айтты.Жаңа жылдық от шашулардың қызықты сәтінен бұрын қауіпсіздік ережесін қатаң бақылауға алу керектігінде ескерте кетті.
Жиналыс барысында оқушылардың тәртібі, бекітілген киім үлгісін сақтау, сабаққа уақытылы қатысу және оқу үлгерімі мәселелері қарастырылды. Ата-аналармен ашық пікір алмасу жүргізіліп, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге бағытталған бірлескен ұсыныстар қабылданды.
Аталған кездесу ата-ана мен білім беру ұйымы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізді.





