Дүниежүзілік сайлау күніне орай таныстырылым өткізілді.
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Жамбыл атындағы мектеп-лицей" КММ-де дүниежүзілік сайлау күніне орай 2026 жылы 29-қаңтар күні №521 сайлау учаскесінің мүшелері Әжібеков Асқар Сусарұлы мен Маханбетов Кенжегелді Биімбетұлы мектеп оқушыларына «Электоралдық принциптер- сайлаушы сенімінің негізі» тақырыбында таныстырылым өткізді. Оқушыларға сайлаудың маңыздылығын, жас сайлаушылар елдің болашағына бейжай қарамайтын жаңашыл ойлайтын буын екенін және олардың белсенділігі мен саналы таңдауы қоғамның дамуына серпін беретінін түсіндірді.
Жас сайлаушылардың саяси сауаттылығын арттыру; Олардың қоғам өміріне белсенді қатысуының маңызын ұғындыру;
Өз таңдауына жауапкершілікпен қарауға баулу;
Сайлау жүйесі мен демократиялық құндылықтарды түсіндіру.
Таныстырылым барысында жоғары сынып оқушылары сұрақтар қойып, өз жауаптарын алды.Оқушылар саяси науқанның әділ әрі ашық өтуінің маңыздылығын талқылады.
Біздің оқушылар еліміздің ертеңгі саналы, жас сайлаушылары!





