Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Дүниежүзілік сайлау күніне орай дебат өткізілді

🗳 Дүниежүзілік сайлау күніне орай дебат өткізілді

Дүниежүзілік сайлау күні аясында Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде мектеп оқушылары арасында дебат ұйымдастырылды.Дебатты ұйымдастырушылар: Отырар аудандық сайлау комиссиясының мүшесі Ахмет Медетбек Ілесбекұлы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өксікбаева Лаура Бүркітбайқызы

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және сайлау мәдениеті туралы түсініктерін кеңейту.

Дебат барысында қатысушылар сайлаудың қоғамдағы маңызы, азаматтық белсенділік, әділдік пен жауапкершілік тақырыптары бойынша пікір алмасты. Оқушылар өз көзқарастарын дәлелді түрде жеткізіп, пікірталас мәдениетін сақтай отырып, белсенділік танытты.

Аталған іс-шара жас ұрпақты саналы азамат ретінде тәрбиелеуге және демократиялық құндылықтарды насихаттауға бағытталды.

#ДүниежүзілікСайлауКүні

#Сайлау2026 #Жассайлаушы

https://www.facebook.com/share/r/16vTBXmzRU/