Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Булингтен қорған

Жамбыл атындағы мектеп -лицейінің 5 "Б" сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Еркінова Кенжегүл "Булингтен қорған" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу; Булингтің не екенін және қандай мағына білдіретіні оқушыларға слайдтар мен видеороликтермен түсіндірілді. Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін. Видеодан кейінгі сұрақтар:

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды? Оқушылар өз ойларын ортаға салды. Оқушыларға Досыңның қандай болғанын қалайсың?- деген сұрақ берілді. Достық туралы өз ойларын жеткізді. Сынып оқушылары достарына жылы тілектерін айтты және сұраққа суреттер салу арқылы жауап берді. Тәрбие сағаты соңында балағат сөздер айтуға болмайтындығы, бір-біріне ауыр сөз айтып ренжітпеу керектігі, ата -ана рұқсатынсыз бөтен адамдарға өзі туралы мәлімет беруге болмайтындығы, достық туралы түсіндірілді. Сынып сағаты жақсы көңіл күймен аяқталды.

#біртұтастәрбие

https://www.facebook.com/share/p/19wCyRAmmr/

 

0:03 / 0:34

 

0:00 / 0:39

Все реакции:

12Жамбыл Атындағы Мектеп Лицейі и ещё 11