Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Біздің бірлігіміз – болашақтың білімінде

🌻 "Біздің бірлігіміз – болашақтың білімінде" атты өнер фестивалі өткізілді.

"Жамбыл атындағы мектеп-лицейі" КММ-інде "БІЗДІҢ БІРЛІГІМІЗ-БОЛАШАҚТЫҢ БІЛІМІНДЕ" атты өнер фестивалі болып өтті. Өнер фестивалі мектеп оқушылары арасында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын насихаттау, жас дарындардың өнерін қолдау және бірлікті нығайту мақсатында өткізілді.

☘️Фестиваль аясында жас өнерпаздар өздерінің ерекше қабілеттерін көрсетіп, әр түрлі жанрларда өнерлерін ортаға салды.Қатысушылар хор,көркем сөз,ән,би,күй,тақырыпқа сай театрландырылған қойылым өнерін көрсетті.Балалардың қолөнер көрмесі қойылды. Өнер көрсеткен оқушыларға шығармашылық табыс тілейміз.

🥁Осындай игі шаралар жас буынның өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, тәрбиелік мәні зор мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге септігін тигізері сөзсіз.

#БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ

#ӨНЕР_ФЕСТИВАЛІ

https://www.facebook.com/share/p/1EFXyyJRJJ/