Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Біртұтас тәрбие

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес кезекті көшпелі отырыстары ұйымдастырылды.

Көшпелі отырыстың алғашқы жиыны Шәуілдір ауылындағы Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы А.Құлмаханов, комиссия мүшелері, білім беру мекемесінің қызметкерлері және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиында Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің директоры Қ.Қылышбаева «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының орындалуы, оқу-тәрбие жұмыстарының жүргізілуі, сондай-ақ қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Оның айтуынша, 2025–2026 оқу жылында аталған білім беру ұйымында 1–11 сыныптар аралығында 38 сыныпта 762 оқушы білім алуда. Мектеп алды даярлық тобында 33 тәрбиеленуші бар. Оқу ордасында ата-аналар кеңесі, қамқоршылық кеңесі, қыздар және ұлдар ұйымдары тұрақты түрде жұмыс жүргізеді.

Жыл басынан бері лицей оқушылары «Еңбегі адал – жас өрен», «Шабыт», «Ұшқыр ой алаңы» секілді аудандық және облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып келеді.

Сонымен бірге балалар кітапханасында оқушылардың кітап оқуға және білім алуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «С. Бегалиннің 130 жылдығы», «Дана Абай» тақырыптарында мектепішілік іс-шаралар ұйымдастырылған. Тәрбие жұмыстары ай сайынғы тақырыптық жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

https://www.facebook.com/share/p/17TKzbhyq9/