Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

«Бірлігі жарасқан Қазақстан»

🇰🇿 «Бірлігі жарасқан Қазақстан» 🇰🇿

Мектебімізде «Бірлігі жарасқан Қазақстан» тақырыбында 6 "В" сыныбы мен сынып жетекшісі Өксікбаева Лаура апайдың ұйымдастыруымен тәрбиелік маңызы зор іс-шара ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, ел бірлігін, татулық пен достықты дәріптеу.

Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын паш ететін өлеңдер оқып, әндер шырқап, көріністер қойды. Әр ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрі таныстырылып, көпұлтты еліміздің бейбіт өмірі насихатталды.

Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына ықпал етіп, елін, жерін сүюге тәрбиелейді.

🇰🇿 Бірлік бар жерде – тірлік бар!

https://www.facebook.com/share/p/18bAwrptQQ/