Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

БІЛІМ БЕРУ ОРДАСЫНДА МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

БІЛІМ БЕРУ ОРДАСЫНДА МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

1 қазан күні Отырар ауданының қара шаңырақ білім ордасы-

Жамбыл атындағы мектеп-лицей мұражайының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға аудандық мәлихат депутаттары мен «AMANAT» партиясының Отырар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Таңатаров Еркеғали Құралбекұлы,ардагер ұстаздар қатысты.

Қарттар күнімен ,мұғалімдер мерекесімен қатар келген мерекелік шарада мұражайдың лента қию рәсіміне ұзақ жылдар бойы мектеп директоры болған ,қазіргі таңда зейнеткер- ардагер ұстаз Абдулла Құтымұлы Ордабаев ағамыз бен аудандық мәслихат депутаты Төребек Айдарқұлов ағаларымыз ие болды.

Жиналған қонақтар алдымен жаңа үлгідегі технологияға негізделіп жасақталған мұражайда білім ордасының тарихынан сыр шерткен тарихи жәдігерлермен танысты. Олардың арасында оқушылар пайдаланған құрал-жабдықтар, мұғалімдер жүргізген журналдар, әдістемелік-көмекші оқулықтар және тарихи фотосуреттер галареясы болды.

Мектеп-лицей акті залында жалғасқан «Қалдырған ізің мәғгілік...» атты мерекелік жиында білім ұясының директоры Қадиша Әуесқызы сөз сөйлеп, 90 жылдық тарихы бар мектебіміздің өткені мен бүгініне тоқталды.Мұражайды жабдықтап,демеуші болған осы мектептің түлегі,халық қалаулысы,жас болса да бас болған Нұржан Орынбасарұлына ұжым атынан алғысын білдірді.

Өткен оқу жылында жақсы нәтиже көрсетіп,үздік мектеп атануымызға өз үлестерін қосқан бір топ ұстаздарымызға кәсіподақ ұйымы атынан қаржылай марапат табысталды.Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттары табысталды.Өнерлі оқушыларымыз би билеп,жыр шумақтарын арнады.

#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие

#oqu_agartu_ministrligi

#НұржанОрынбасарұлы

#мектеп_мұражайы

#Түркістан_облысының_білім_басқармасы

#Отырар_аудандық_білім_бөлімі

#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие_Түркістан_облысы

https://www.facebook.com/share/v/19q7zJ7Ys4/