Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жамбыл мектеп-лицей кітапханашылары Еңлік Жұмашова мен Назипа Сұлтанмұратова “Балалар кітапханасы” жобасының аясында “Мектеп кітапханашысының бір күні” атты челленджін ұйымдастырды.
Челлендж барысында кітапханашылар өздерінің күнделікті жұмыстары, оқушылармен қарым-қатынасы және кітапхананың білім мен тәрбие берудегі рөлі туралы көрсетті.
Кітапхана - бұл күнделікті өмір. Бұл әлемге және оқиғаларға апаратын есік. Мұнда біз сөз шеберлерімен кездесеміз. Кітапхана - рухани демалып, бұл бұрын білген және білмегенді танитын керемет жер. Кітапхана - бұл ғылым жұмағы! Көп оқыған, көп білер!
Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады.Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ.