Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Бақытты балалық шақ

Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде

«2025 жылғы 12 мамыр күні Түркістан облысы Отырар ауданы аумағында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді.Жиналысқа қатысқандар: Мектеп-лицей директоры Қылышбаева Қадиша Әуесқызы,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ахметов Медетбек Лесбекұлы,Абызбек Гүлнар Төлебайқызы,полиция қызметкері, төтенше жағдайлар бөлімінен жауапты мамандар, мектеп медбикесі, психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер.

Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен олардың арасындағы ерте жүктілік, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына шаралар ұйымдастыру, «Буллинг», «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Лудомания», «Жол қозғалысы» ережелері бойынша МДТІЖО Ахметов Медетбек "Бақытты балалық шақ" тақырыбында баяндама оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу және зорлық-зомбылық іс-әрекетінің профилактикасы және өзен, көл, канал суларына шомылмауларына қатаң тиым салу керектігін ескертті.

Отырар ауданы Төтенше жағдай бөлімі

№9ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Ө. Меңлібаев,Отырар АПБ-нің ЮПТ-нің полиция капитаны Б. Қапалбайұлыда оқушылардың қауіпсіз ортасын ұйымдастыру бойынша сын ескертулер айтып өтті.Барынша балалардың қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырды.

https://www.facebook.com/share/p/194N4sUojs/