Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

«Азаттығым-айбыным,Тәуелсіздігім тағдырым»

«Азаттығым-айбыным,Тәуелсіздігім тағдырым»

«Жамбыл атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Азаттығым-айбыным,Тәуелсіздігім тағдырым» тақырыбында 4 "Б" сыныбымен бастауыш сынып мұғалімі,сынып жетекшісі Байсеитова Жалғас Бөрібайқызының ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақ бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру, ел тарихына деген құрмет сезімін қалыптастыру болды. Тәрбие сағаты барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы мағлұмат алып, тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы тарихи оқиғалармен танысты. Балалар өлеңдер оқып, тақырыпқа байланысты көріністер көрсетіп, мемлекеттік рәміздердің маңызын паш етті.

Ұйымдастырылған ашық тәрбие сабағы мазмұндылығымен, тәрбиелік мәнімен және оқушылардың белсенді қатысуымен ерекшеленді. Іс-шара жоғары деңгейде өткізіліп, көрермендерге терең әсер қалдырды. Мұндай тәрбиелік жұмыстар оқушылардың елжандылық қасиетін дамытуға, туған жеріне деген мақтаныш сезімін оятуға ықпал етті.

#QR_Oqu_agartu_ministrligi_Министерство_просвещание_РК

#Түркістан_облысының_Білім_Басқармасы

#Отырар_Ішкі_Саясат_Бөлімі

#Әдістемелік_Кабинет

#Отырар_Ауданы_Білім_Бөлімі

#Жамбыл_АтындағыМектепЛицейі

https://www.facebook.com/share/v/14VbVLXY1x5/