Ата-аналар мен оқушылар назарына!
Күзгі демалыс – демалып, күш жинайтын мезгіл.
Алайда қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр баланың амандығының кепілі!
Балалардың демалысы көңілді әрі қауіпсіз өтуі үшін төмендегі қарапайым ережелерді есте сақтайық ![]()
1. Жол қауіпсіздігі:
– Жолдан тек жаяу жүргінші жолағымен өтіңіз;
– Көлік жолына шығарда екі жаққа қарап көз жеткізіңіз;
– Велосипед пен самокатты қауіпсіз аймақтарда пайдаланыңыз.
2. Электр және тұрмыстық құралдар:
– Электр құралдарын тек ересектердің рұқсатымен қолданыңыз;
– Газ, пеш, плитка сияқты құралдарға жоламаңыз;
– Су мен тоқ – қауіпті қоспа екенін ұмытпаңыз.
3. Өрт қауіпсіздігі:
– Сіріңке мен от тұтататын заттармен ойнауға болмайды;
– Пеш пен жылыту құралдарына тым жақындамаңыз;
– Өрт байқасаңыз, бірден 101 нөміріне хабарласыңыз.
4. Интернеттегі қауіпсіздік:
– Бейтаныс адамдарға жеке ақпарат бермеңіз;
– Әлеуметтік желілерде мәдениетті болыңыз;
– Кибербуллингке тап болсаңыз, ата-анаңызға немесе мұғалімге айтыңыз.
5. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау:
– Бейтаныс адамдардың ұсынысына ермеңіз;
– Таныс, қауіпсіз жерде демалыңыз;
– Қауіпті жағдайда 102, 103, 104, 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.
Құрметті ата-аналар!
Баланың қауіпсіздігі – отбасының басты жауапкершілігі.
Балаңызға қауіпсіздік ережелерін үнемі еске салып, түсіндіріп отыру – олардың амандығына қосқан үлесіңіз.
ДТЖЖО: Ахмет Медетбек Лесбекұлы





