Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Ашық сабақ өтті!

Ашық сабақ өтті! ✨

Бүгін МАД тобының жетекшісі М.Ахметованың ұйымдастыруымен «Заттың бірнеше тең бөліктері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында оқушылар заттарды тең бөліктерге бөлу арқылы бөлшек ұғымын тәжірибе жүзінде түсінді. Түрлі көрнекіліктер мен ойын элементтері қолданылып, балалардың қызығушылығы артты. Топтық жұмыстар мен практикалық тапсырмалар арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, есептерді белсенді орындады.

Сабақтың мақсаты – затты тең бөліктерге бөлу ұғымын меңгерту, бөліктердің маңызын түсіндіру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болды.

Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз білімдерін көрсете білді.

Білімге деген құштарлықтары арта берсін! 📚✨

#АшықСабақ #Математика #БастауышСынып

https://www.facebook.com/share/p/1AvURVhA9s/