Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

Ашық есік күндері

Отырар ауданында «Ашық есік күндері» акциясы өтуде

Түркістан облысы полиция департаментінің нұсқаулығына сәйкес өткізіліп жатқан"Ашық есік күндері" акциясына сәйкес Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция аға лейтенанты Қапалбайұлы Бақытжан мектеп-лицей ұстаздары мен 8-9-10-11 сынып оқушыларына жиын өткізді. Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг, кибербуллинг,лудомания, нашақорлықтың алдын алу және интернет алаяқтықтың зияны туралы маңызды тақырыптар талқыланды.

Құқық бұзушылық – бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі.

Нашақорлық — адам өмірін, денсаулығын және болашағын бұзатын қауіпті әдет. Ол жеке тұлғаның ғана емес, бүкіл қоғамның болашағына қауіп төндіреді. Нашақорлыққа ұрынған адам, алдымен өз денсаулығын зардапқа ұшыратады, кейін оның психологиялық жағдайы бұзылып, әлеуметтік ортадан алшақтап, адамдармен араласуы қиындатады. Сонымен қатар, нашақорлар заңсыз әрекеттерге барады, қылмыстарға қатысуы мүмкін.

“Есірткісіз- болашақ ” деген сөздер — бұл қоғамда нашақорлықтың алдын алу, жастарға зиянды әдеттерден аулақ болуды насихаттау үшін айтылған ескерту. Әр адам өзінің денсаулығын бағалап, осындай зиянды әдеттерден сақтануы керек. Нашақорлықтың алдын алу үшін дұрыс тәрбие, білім, спортпен шұғылдану, рухани байлықты арттыру маңызды.

Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз қоғам қалыптастыруға үлес қосады!

#ОтырарАуданы #АшықЕсікКүндері #ҚұқықтықСауаттылық #Полиция #ТүркістанОблысы

https://www.facebook.com/share/p/1CDvoKizhm/