"Алғыс айту-парызым" атты мерекелік тәрбие сағаты
28.02.2025 ж. Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай "Алғыс айту-парызым" атты
2 "Б" сыныбымен мерекелік тәрбие сағаты өтті. Бұл күн ризашылық пен мейірімге толы әсерлі сәттермен есте қалды.
Мектеп -лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Баймахан Гүлмира Уалиханкызы құттықтау сөз сөйлеп, ата-аналарға, ұстаздарға, оқушыларға алғысын білдіріп, алғыс айтудың адам өміріндегі маңызын атап өтті. Ол оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке және сыйластыққа шақырып, жүрекжарды тілегін жеткізді:
"Жүрегің жылы болса – барлық адамды жақсы көресің. Ал тілің жылы болса – барлық адам сені жақсы көреді. Сондықтан жүректерің мейірімге толы, таза болсын!"
Оқушылар әсерлі әндер шырқап, көңілді билерін орындап, жүректен шыққан өлеңдерін оқыды.
Ата-аналар мен сынып жетекшісі Нәлібаева Айсұлу Бердібайқызы өнерлерін көрсетіп, ерекше әндерін тарту етті.
Барша қатысушылар бір-біріне шынайы алғыс айтып, жылы тілектерімен бөлісті.
Бұл тәрбие сағаты оқушыларға алғыс білдіру мәдениетін үйретіп, жақсылық жасауға және ризашылық білдіруге баулуды мақсат етті.
Осындай игі дәстүрлер жалғасын тауып, жүректеріміз әрқашан мейірім мен алғысқа толы болсын!
#Алғысым_шексіз #Алғыс_айту_күні #Жамбылатындағы_мектеплицейі #Мейірімділік #Ризашылық #Алтын_жүрек