Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР

🔰Отырар аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес, Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің базасында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті.

Семинар тақырыбы: «Жаңа технологиялар мен ұлттық құндылықтар: Адал ұрпақ тәрбиесіндегі жасанды интеллект рөлі»

Мақсаты: Жаңа технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні (AI), ұлттық құндылықтарға негізделген адал және саналы ұрпақ тәрбиесіне тиімді қолдану жолдарын қарастыру, ұстаздар мен оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, ұлттық тәрбие мен заманауи технологияны үйлестіру арқылы ағылшын тілін үйрену.

Міндеті:

- Ағылшын тілін оқыту саласындағы AI құралдары мен ресурстарын таныстыру, оларды оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану жолдарын көрсету.

- Тәрбие жұмысында заманауи технологияны қолдану бойынша тәжірибе алмасу.

- Жасанды интеллекттің тәрбиелік мүмкіндіктерін сараптау арқылы адал ұрпақ қалыптастыру жолдарын анықтау.

👥Семинарға аудандық білім бөлімі әдіскерлері мен пән мұғалімдері, пән бірлестік жетекшілері қатысты.

✅Алдымен қатысушылар көрмемен танысып, мектеп оқушыларының әнін тамашалады.

♻️Семинар барысында кәсіби білікті ұстаздар тренингтер, шебер сыныптар және тәжірибелік сабақтар берді.

🔹“Communication and technology" 7 "Ә" сыныппен Жаппарова Жанна;

🔹 “CLIL. Biology: Healthy eating” 9 "Б" сыныппен Жұмабаев Рауан;

🔹 “Vocabulary puzzles. Family. Adjectives” 5 "Б" сыныппен Ыбрай Жұпар;

🔹 “Present Simple: Question” 6 "А" сыныппен Рысбай Арайлым;

🔹“Vocabulary. Adjectives.” 3 "Ә" сыныппен Төлепберген Ақерке;

🔹“CLIL. Sounds and words PE” 3 "Б" сыныппен Мейрбек Ақерке;

🔹“Wonderful family” 4 "В" сыныппен Тілеуханова Айдана ;

🔹“Endangered animals in Kazakhstan” 11 "Ә" сыныппен Бейсен Әсел ашық сабақтарында тәжірибе бөлісті.

✴️Педагогтер бас қосқан ортада ағылшын тілін оқытудың заманауи тәсілдері, инновациялық технологиялар, тілдік құзыреттілікті арттыру жолдары және халықаралық тәжірибелер тәжірибе жүзінде көрсетілді.

♻️Қорытындылау сәтінде кері байланыс жасалып, тіл мамандары ұстаздардың таратқан тәжірибесін талқылады. Өз кезегінде семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткені, сондай-ақ тәжірибелеріне қажетті құнды ақпараттардың алынғаны айтылды.

#аудандық_семинар

#тәжірибе_алмасу

https://www.facebook.com/share/r/1FB8u1mS6s/