“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жазатайым оқиғалардың алдын алу
”Жамбыл атындағы мектеп-лицейі” КММ-де “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, сынып жетекшілері тарапынан оқушылармен және ата-аналармен WhatsApp чаттары арқылы онлайн түсіндірме әңгімелер ұйымдастырылып, келесі бағыттар бойынша ақпараттық жұмыстар өткізілді:
• жол қозғалысы қауіпсіздігі;
• судағы қауіпсіздік ережелері;
• өрт қауіпсіздігі;
• интернет және ақпараттық қауіпсіздік;
• тұрмыстық қауіпсіздік мәселелері.
Түсіндіру жұмыстары барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау жөнінде ескертулер берілді.
Ата-аналарға балалардың бос уақытын бақылауда ұстау, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді. Оқушыларға қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.