Отырар ауданы білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 2025-2026 оқу жылында 22 үйірме, 4 бағыт бойынша жұмыс жасайды.
Спорт секциясы,
музыкалық-шығармашылық,
танымдық (дебат, робототехника) және
зияткерлік (қызықты математика) бағыттары бойынша үйірмелер қарастырылған. Үйірме жұмысы балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан үйірме жетекшілері оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор.
Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шындалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды. Балаларға қосымша білім беру-білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жанжақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үрдісі, үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Г. Баймаханның бастамасымен, бастауыш үйірме жетекшілернің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған “Абай мұрасы-ұрпаққа аманат” атты іс-шарасы аталып өтілді.Өнерлі шәкірттеріміз Ұлы Абай атамыздың әндері мен өлеңдерін тамаша орындап шықты.
Бастауыш сыныптар бойынша үйірме жетекшілері: А.Тілеуова,Ш.Арысбаева,Ж.Құрбанәлі,Л.Қуандықова,Д.Тамен,
Р.Айдарқұлова,С.Алимова әріптестеріміздің еңбектері ұшан-теңіз,рақмет сіздерге!





