4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің айқын белгісі, ұлттық мақтанышымыздың нышаны.
Осы мерекеге орай мектебімізде «Рәміздер рухы – Конституция күші» тақырыбында патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылып, білім алушыларға мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы кеңінен насихатталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.
Жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, елге деген құрмет пен жауапкершілікті арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.





