Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс

23-сәуір – Дүниежүзілік Кітап күні

23-сәуір – Дүниежүзілік Кітап күні

📖 «Білімге апарар жол» тақырыбындағы онкүндік іс-шараның ашылуы өтті.

Кітап – адамзаттың рухани байлығы мен білімнің қайнар көзі. Осы атаулы күн аясында ұйымдастырылған онкүндік іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту және рухани дамуына жол ашу.

Ашылу салтанатында кітаптың маңызы кеңінен насихатталып, түрлі танымдық бағдарламалар мен мазмұнды шараларға бастау берілді. Алдағы күндері оқырмандарды қызықты кездесулер, байқаулар мен шығармашылық жұмыстар күтіп тұр.

📚 Кітаппен дос болайық, білімге бірге қадам жасайық!

#КітапКүні #БілімгеАпарарЖол #ОқуғаҚұштарлық

https://www.facebook.com/share/v/1HGCpS9fDY/