Жамбыл атындағы мектеп-лицей
Официальный интернет-ресурс
21 НАУРЫЗ ЫНТЫМАҚ КҮНІ

21 НАУРЫЗ ЫНТЫМАҚ КҮНІ

«21 НАУРЫЗ ЫНТЫМАҚ КҮНІ»

⚜️Түркістан облысы Отырар ауданы «Жамбыл атындағы мектеп-лицейі» КММ-де «Біртұтас Тәрбие» бағдарламасы аясында 2025 жылдың 14-23 наурыз аралығында «Наурызнама» онкүндік жоспарына сәйкес, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту, түрлі этностар мен мәдениеттер арасындағы өзара сыйластықты арттыру мақсатында 21 наурыз «Ынтымақ күні»-не орай «Наурыз-береке мен бірліктің бастауы» тақырыбында

1 "Б" сынып оқушыларымен,(сынып жетекшісі Ә.Сериева) концерттік іс-шара өткізді.

Мерекелік іс-шара барысында әндер шырқалып, әдемі билер орындалды. Әндер наурыз бен бірлік тақырыбында болды, олар көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Би қойылымдары да түрлі ұлттардың мәдениетін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды.

Сонымен қатар, оқушыларымыз арнайы көрініс дайындады. Бұл көріністе халықтың ынтымағы мен достығын көрсететін оқиға сахналанды. Көрініс арқылы татулықтың маңызы, адамдар арасындағы сыйластықтың құндылығы көрініс тапты.

Осылайша, Ынтымақ күніне арналған мерекелік бағдарлама барша көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, достық пен бірліктің маңызын айқындай түсті.

#Оқу_ағарту_министрлігі

#Түркістан_облыстық_білім_басқармасы

#Отырар_аудандық_білім_бөлімі

#Біртұтас_тәрбие_Түркістан_облысы

#Меруерт_Медетбекова

#Шұға_Нұрабаева

#Айгүл_Қасымбекова

#Бейсен_Тәжібаев

#Шарипа_Примбетова

#nauryznama2025

#біртұтас_тәрбие

https://www.facebook.com/share/p/18PuJG4k24/