"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясындағы айлардың құндылыққа бөлінісі, оның ішінде ақпан айының құндылығы және апта дәйексөздері
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясындағы айлардың құндылыққа бөлінісі, оның ішінде ақпан айының құндылығы және апта дәйексөздері
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІ
2025 жылғы 6 ақпандағы Дүниежүзілік сайлау күніне арналған Отырар аудандық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспарының негізінде Түркістан облысы Отырар ауданы білім бөліміне қарасты " Жамбыл атындағы мектеп-лицейі" КММ-де 2025 жылдың 31 қаңтар күні №521 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі А.Әжібеков «Халықаралық сайлау күні» тақырыбында 10-сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстарын өтті.Шараның мақсаты - жастарға сайлау заңнамасының талаптарын, құқықтарын түсіндіру және жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру.Жиынға аудандақ аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Жубаев, төраға орынбасары А.Дуйсеханов қатысты.Кездесу барысында оқушылар тарапынан сайлау жүйесіне қатысты сұрақтар қойылып, сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
#QR_Oqu_ağartu_ministrlıgı_Министерство_просвещения_РК
ОҚУҒА ҚҰШТАР БАЛАНЫҢ - ШЫҢДАЙМЫЗ БИІК ТАЛАБЫН!
«Кітап – өмірдің ең алыс және қараңғы жолдарында жарық беретін шам» деген даналардан қалған нақыл бекер айтылмаса керек-ті. Бала болашағының жарқын болуы үшін шәкірт жүрегіне ізгіліктің шамшырағын жағу – ұлағатты ұстаздардың еншісіндегі өнегелі іс. Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектеп- лицейінде екінші жарты жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жиырмадан астам түрлі бағыттағы жоба жұмыстары қолға алынды.
Ұялы телефон болу-арманым...
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Қалдыкүл Ертайқызының 4 "Ә" сынып оқушылары, ата-аналарымен бірге түсірген бейнекөрсетілімін ұсынамыз.
Ұялы телефон пайдалы ма? Зиян ба?
Бұрын үйімізге қонақ келсе, әке-шешеміз "үлкендердің ақылын, әңгімесін тыңда" деп отырғызып қоятын, сонда дастарқан басында келген кісілердің жақсы әңгімесіне қанық болатынбыз. Шайдан соң, қолына су құйып, батасын алатын едік. Әрине, жақсы сөз – жарым ырыс. Қазір қонақ келсе, баласының қолына телефон беріп, "мынаны көріп, тыныш отыр, бөлмеден шығушы болма" дейтін жағдай қалыптасты. Яғни, баламызды жақсы әңгіме тыңдатуға да мұрсат жоқ. Одан қалды бұрын отбасында жақсы әңгімелер айтылатын, мазмұнды кітаптар оқылатын. Бүгін ше? Бүгінде отбасындағы 3 адам 3 телефонмен, 5 адам болса, 5 телефонмен отырады. Өкініштісі сол, отбасында ортақ әңгімелер сұйылып барады. Енді отбасынан әңгіме таппаған бала оның бәрін сырттан іздейді, тәрбиені сырттан алады. Бұрын отбасы дұрыс емес шаңырақта тәрбиеленген баланы "ол баланы көше тәрбиелеген, ата-анасынан тәрбие көрмеген" дейтін әңгіме бар еді. Бүгінгі күні барлық баланы көше тәрбиелейтін, барлық баланы телефон тәрбиелейтін күйге жеттік. Солай бола тұра, оның салдарынан әлеуметтік желідегі шығып жатқан әртүрлі оқиғаны таңғалыспен қабылдауымыз мүмкін. Әрине, күлкілі. Балаңыз үлкейіп келе жатқан кезде біз "балаға үлгі-өнеге көрсетерлік не жасап жүрміз?" деген сұрақты өзімізге қойсақ бола ма? Бір уақыт баламызбен сөйлесеміз бе, серуенге шығамыз ба? Бәрі де – бүгінгі отбасының сұрағы.....
https://www.facebook.com/share/p/18mSdPmiTW/
![]()
ЖЕТІСТІКТЕР ҚОРЖЫНЫ![]()
![]()
![]()
"![]()
![]()
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! ![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында баскетболдан 7-8 сыныптар арасында өткізілген аймақтық жарыста Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің баскетбол командасы қыздар арасында I-орын иеленді.
![]()
Мектеп-лицейіміздің баскетболшылар командасы мен жаттықтырушысы Әлішов Ғабит Нұрланұлын жетістіктерімен құттықтаймыз! ![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Алдағы уақытта тек биік шыңдардан көріне беріңіздер, мектеп-лицейіміздің мәртебесі биік, абыройы асқақтай берсін!!!![]()
![]()
![]()
![]()
Түркістан облысы Отырар ауданы Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің “ Зерде” әдістемелік бірлестігінің айлық іс-шара барысында Шокаева Камшат – математика пәнінің мұғалімі 10 “Б” сыныбына “Күрделі функцияның туындысы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында түрлі платформалар мен әдіс тәсілдерді қолданып оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып отырды. Бұл әдістер мен платформалар оқушылардың сабақты терең тусінуіне және белсенді қатысуына кемектесуде.
Сапарбаева Ақманат – математика пәнінің мұғалімі 5 “Ә” сыныбына “Ондық бөлшектерді салыстыру” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында жаңа платформаларды пайдалану оқушылардың
белсенділігін арттырып, есептерді
шешуді қызықты әрі интерактивті етеді.
30.01.2025 ж
«ТЕЛЕФОН-ЖАРЫҚ ҒАЛАМ;БҰЗЫЛМАСЫН САНАҢ...»
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде Отырар аудандық білім бөлімінің 13.01.2025 жылғы №41-10/20 хатына сәйкес «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Телефон-жарық ғалам,бұзылмасын санаң...» тақырыбында ой-түрткі алаңы өткізілді.Қазақ халқының ұлы ақыны Абай «Бес нәрседен қашық бол,бес нәрсеге асық бол» деген өсиеті «Жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге» шақырады.Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінгі қоғамға қауіпті бес кеселмен бүкіл ел болып күресу керектігін,әсіресе балалар арасында өріс алып бара жатқан бұл қатерлі кеселдердің жолын кесіп,белсенді күрес жүргізу туралы айтты. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде қазіргі қоғамдағы оқушылар арасындағы көптеген вейб,лудомания,смартфон арқылы құмар ойындарынан туындап жатқан мәселелердің алдын алу мақсаты көзделген болатын.“Адамның адамшылығы жақсы ата-анадан, жақсы достан, жақсы ұстаздан болады”, - дейді дана – Абай атамыз.Бала көп уақытын ұстаздардың жанында, достарының қасында өткізеді. Ия, ұстаздар 45 минут қана сабақ беретін шығар, алайда олардың іс-әрекеті, ұлағатты сөздері баланың санасына сіңіп, ойында жатталып қалады. Бір сөзбен айтқанда, мектеп-тәрбие мен білім ордасы. Алайда қолына смартфон ұстатып,мектепке жіберетін ата-аналар мен телефонға телмірген оқушыларымызды телефонға деген тәуелділіктен қалай тыйым жасасақ болар екен?!«Ғаламтордың пайдасы мен зияны» атты сахналық қойылымдаоқушылар мен ата-аналар және мұғалім арасындағы телефон,гаджеттердің пайдасы мен зиян туралы өзекті мәселе көтерілді.
Бүгінгі ой-түрткі алаңын қорытындылау үшін сөз тізгінін алған мектеп-лицей директоры Қадиша Әуесқызы:
-Бұрын үйімізге қонақ келсе, әке-шешеміз "үлкендердің ақылын, әңгімесін тыңда" деп отырғызып қоятын, сонда дастарқан басында келген кісілердің жақсы әңгімесіне қанық болатынбыз. Шайдан соң, қолына су құйып, батасын алатын едік. Әрине, жақсы сөз – жарым ырыс. Қазір қонақ келсе, баласының қолына телефон беріп, "мынаны көріп, тыныш отыр, бөлмеден шығушы болма" дейтін жағдай қалыптасты. Яғни, баламызды жақсы әңгіме тыңдатуға да мұрсат жоқ. Одан қалды бұрын отбасында жақсы әңгімелер айтылатын, мазмұнды кітаптар оқылатын. Бүгін ше? Бүгінде отбасындағы 3 адам 3 телефонмен, 5 адам болса, 5 телефонмен отырады. Өкініштісі сол, отбасында ортақ әңгімелер сұйылып барады. Енді отбасынан әңгіме таппаған бала оның бәрін сырттан іздейді, тәрбиені сырттан алады. Бұрын отбасы дұрыс емес шаңырақта тәрбиеленген баланы "ол баланы көше тәрбиелеген, ата-анасынан тәрбие көрмеген" дейтін әңгіме бар еді. Бүгінгі күні барлық баланы көше тәрбиелейтін, барлық баланы телефон тәрбиелейтін күйге жеттік. Солай бола тұра, оның салдарынан әлеуметтік желідегі шығып жатқан әртүрлі оқиғаны таңғалыспен қабылдауымыз мүмкін. Әрине, күлкілі. Балаңыз үлкейіп келе жатқан кезде біз "балаға үлгі-өнеге көрсетерлік не жасап жүрміз?" деген сұрақты өзімізге қойсақ бола ма? Бір уақыт баламызбен сөйлесеміз бе, серуенге шығамыз ба? Бәрі де – бүгінгі отбасының сұрағы.....Осылай сөзін қорытындылаған мектеп-лицей басшысы Қадиша Әуесқызы барша ата-аналарға ескертілуімен оқушыларға мектепте телефон әкелуге тыйым салынғандығын ,ой-түрткі алаңында бейне көрсетілімдер мен сахналық қойылымдары,мәнерлеп жатқа оқу шығармашылық жұмыстары жасалынғанын атап өтті.
Түркістан облысы Отырар ауданы Жамбыл атындағы мектеп-лицейі “ Зерде” әдістемелік бірлестігінің математика пәнінің мұғалімі Әбдібекұлы Нұрсұлтан 7 “А” сыныбына «Қысқаша көбейту формуласы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта инновациялық технологиялар қолданылып, интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың қызығушылығы артты. Есеп шығару барысында олар өзара талқылау жүргізіп, шығармашылық ізденіс танытты.
29.01.2025 ж
СЫРЛЫ ЖЕҢГЕ-СҰЛУ ҚЫЗ!
Түркістан облысы, Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Жамбыл атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында, "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" және "Даналық мектебі" жұмысын ұйымдастыру мақсатында ДТІЖО Г.Абызбек пен сынып жетекшілер С.Бекбаев, Г.Исаева,Ж.Жаппарованың ұйымдастыруларымен "Сырлы жеңге-сұлу қыз!" атты сайыс ұйымдастырды. Сайыстың мақсаты: Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау;
Отбасы тарихын және дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту;
Жанұядағы жеңге мен қайынсіңілі арасындағы сыйластық пен адамгершілікті, инабаттылықпен, ибалықты дәріптеу болып табылады.
Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып,мектеп -лицей директорының алғыс хатымен және сыйлықтармен марапатталды.